Жеке ұшақ сатып алмаудың 15 себебі

Поиск и аренда частных самолетов

Мүмкін, сән-салтанатпен ұшу – ең бір батыл арманның шегі болар. Бірақ, жеке ұшаққа ие болу – сіздің ең бір қорқынышты сұмдықтарыңыздың біріне айналуы мүмкін, міне, оның 15 себебі.

Көк аспанның ғана шегі бар деп айтады емес пе?! Ал, бірақ, сән-салтанатпен өмір сүріп, сәнді саяхат жасар болсаңыз – көк аспанның өзі шектеу бола алмайды. Жерде ауқатты адамдар Ferrari, AstonMartinжәнеMercedes сияқты спорттық автомобильдер сатып алады. Суда – әлемдегі ең қымбат желкенді кемелерді, эксклюзивті яхталар мен круизді кемелерді тұрғызады. Ал, аспанда болса, жеке ұшақты сатып алу – сән-салтанат пазлын аяқтайды.

Жеке ұшақ керек пе?

Келесі бөлімдерді қараңызжеке ұшақты жалға алу, жеке ұшақты сатып алу

Дегенмен, жеке ұшақты сатып алмастан бұрын, өзіңізге қоятын алғашқы сұрақ – «не үшін?» болуы керек. Неліктен жеке джетке ие болғыңыз келеді? Басында бұл саяхат жасаудың оңтайлы тәсілі сияқты көрінуі мүмкін, бірақ, сіз осы сән-салтанаттың артында не жасырынып тұрғанын біле бермеуіңіз мүмкін. Әрине, бұл ұшақ туралы орындалмас арман болып қала берсін деген емес. Бірақ, осы мақалада айтылатын 15 себептің барлығымен танысып шыққаннан кейін де жеке ұшақ сатып алуды қаласаңыз, онда сатып ала берсеңіз болады. Дегенмен, бірінші тармағының өзінде-ақ, көңіліңізге күмән кіретін болса, онда жеке ұшақ сіз үшін емес. Сонымен, беліңізді бекем буып, біз шынайылықтың сүзгісінен сіздің асқақ армандарыңызды өткізіп болғанша, мықты болыңыз.

Техника тұрып қалмауы керек

Алдымен, сіздің неліктен жеке ұшақ сатып алғыңыз келеді деген сұраққа талдау жасап көрейік. Енді, әрине, сән-салтанатқа ие болуды қалағаныңыздан бөлек, осыған деген аса бір мұқтаждық пен қажеттілік бар ма? Кез келген көлік құралын сатып алудың бастапқы мақсаты  – әлбетте, тасымалдау, яғни, А бекетінен Б бекетіне жеткізе алуы. Сондықтан, сізде шамалы уақытта ғаламшардың алыс нүктелері арасында ұшудың аса қажеттілігі болмаса, бизнес-джетке ие болу – бір тоқтамға келу деген сөз.

Егер сіз оны айдың он үшінші толуы кезінде ғана пайдалануды жоспарласаңыз, онда ұшағыңыз өмірінің көп бөлігін ұшақжайда өткізуіне тура келеді. Бірақ, ұшақ ол үшін жасалған жоқ қой. Джет, әрине, ұшуы керек.

Бұл жағдайдағы қарапайым шешім – өзіңіз пайдаланбайтын кезде ұшақты жалға беру. Бірақ, джетіңізді жалға алатындарға толық сенім арта аласыз ба? Жалға алғандар таза былғарыдан жасалған креслолардың қаптамаларын құруты мүмкін, болмаса қымбат кілемге сусын төгіп, дақ қалдырса ше? Осындай салдарларға дайынсыз ба? Сондықтан, егер сіз үлкен арақашықтарда жиі ұшпайтын болсаңыз, жеке ұшақ бірінші қажеттілік бола қоймайды. Проблемалық салдарларсыз сән-салтанатты молынан сезінудің басқа да тәсілдері бар. Әрі қарай оқуды жалғастыра берсеңіз, білетін боласыз.8 4 - Жеке ұшақ сатып алмаудың 15 себебі

Ұшақты жалға алу құнын білу

Білу

Тіпті, байлар мен атақты адамдардың өздері ұшақты жалға алуды дұрыс санайды

Иә, кім де болса саяхаттағанды жақсы көреді, ал, сәнді сапардан бас тарта қою қиын. Жеке ұшаққа ие болу – билет сатып алудың, ұшу алдындағы тексерістен өтудің, бортта болу үшін кезекте тұрудың немесе стюардесса басқа жолаушыларға қызмет көрсетіп болғанша тосып тұрудың қажет еместігін білдіреді.

Бірақ, жан-жағыңызға қарап көріңізші. Жеке ұшағы бар адамдардың саны қанша? Олардың санын қазіргі сәтте әлемдегі миллионерлер санымен салыстырып көріңіз. Көрдіңіз бе, тіпті, байлар мен атақты адамдардың өздері де ұшақты сатып алғаннан гөрі, оны жалға алуды дұрыс санайды. Жақсы ақша төленетін кино жұлдыздары, саясаткерлер мен Формула-1 жарысушыларының өздері джет сатып алмайды; тіпті, олардың өмір сүру салттары мен қызмет саласы үнемі жолда болуды білдірсе де, ұшақты жалға алу – оңтайлы шешім болып қала береді. Тіпті, бұл жерде әңгіме олардың өздеріне жеке ұшақ сатып ала алмайтындығында емес, әрине, ала алады, бірақ, олар сатып алу лайнердің тікелей құнынан айтарлықтай қымбатқа түсетінін біледі. Шығындарды келесі тармақтарда талқылайық.

Сіз кіммен саяхаттайсыз?

Голливуд жұлдыздарынан бөлек, сіздің айналаңызда бай әрі атақты достарыңыз үнемі бола бермейтіні анық, ал, ұзақ сапарлар жақсы компаниясыз тіпті көңілсіз әрі жалықтыратын болуы мүмкін. Әсіресе, телефоныңыздың қуаты таусылса, болмаса, оқып жатқан қызықты кітабыңыздың соңғы парақтары қалған болса. Егер жеке ұшағыңызда жалғыз өзіңіз саяхатқа шығар болсаңыз, мұндай жағдайлар көңіліңізді түсірмей қоймайды. Сапар барысын ұйқымен өткізуге тура келеді. Осы сізге қызықты ма? Онда, тұрақты сапардың эконом-класының креслосында да ұйқыңызды қандырсаңыз болмай ма? Бұл, тіпті, арзанға түседі.

Жеке ұшақтар, тіпті ең шағынының өзінде бірнеше отыру орындары болады. Сондықтан, егер сіз өзінің менеджерімен, оққағарымен, жеке көмекшісімен бірге саяхаттайтын атақты адам болмасаңыз, бір өзіңіз үшін ғана жеке ұшақтың қажеті болмайды. Ең дұрыс шешім – қарапайым коммерциялық рейске ең жақсы билет сатып алу. Сізге ол жерде жақсы қызмет көрсетеді, жайлылықтың ең жоғарғы деңгейін сезіне аласыз. Сондай-ақ, артық ақша жұмсадым деген уайымнан да құтыласыз. Бірақ, солай бола тұра, сән-салтанаттың келесі деңгейіне көтерілуді қаласаңыз, онда, жеке ұшақты жалға алып, жақсы компаниямен әлемнің кез келген бөлігіне ұша аласыз.p. 12 - Жеке ұшақ сатып алмаудың 15 себебі

Смотрите также:  Компания "Авиакапиталсервис" не смогла продать 22 Boeing 787

Достарыңмен бірге саяхаттау – қымбаттау болады

Алдыңғы тармақтарды оқи отырып, жеке ұшақта достарыңмен бірге саяхаттау қандай тамаша деп ойлаған боларсыз. Әрине, көңілді болатыны анық. Бірақ – қымбат. Сіз, әрине, 6000 метр биіктікте достарыңыздың аш қалғанын қаламайтын боларсыз? Ал, егер бортта қымбат шараптың бір бөтелкесі болса, онда әр жұтымның өзін бөлісуге тура келеді.

Қараңыз:  AirbusжәнеRolls-Royce жаңа, жоғары үнемділіктегі турбожелдеткішті қозғалтқыш жасайды

 

Басқа сценарий бойынша да жомарттық танытуға тура келеді. Айталық, бортқа бірнеше достарыңызды шақырдыңыз делік. Оларға шығынды бірге төлеуге ұсыныс жасайсыз ба? Егер, әрине, бөліп төлер болсаңыздар, олардың өзіңізбен соңғы рет ұшатынына сенімді болыңыз. Бірақ, тіпті, оларға автостоппен ұшуға рұқсат етсеңіз, сіз оларға көлік ұсынасыз, олар болса, сізге өздерінің компаниясы мен әңгімелерін ұсынады. Бұл, әлбетте, тіпті қымбатқа шығары анық.

Айналып келгенде, сіз жалғыз өзіңіз ұшатын болып шешесіз, ал, біз болсақ, жеке ұшақ сатып алу туралы шешіміңізді тағы да таразыға салып көру айтылған бастапқы тармаққа ораламыз.

Егер сенбесеңіз, жеке лайнері бар бұрынғы F1-ден әлем чемпионы ЛьюисХэмилтоннан сұраңыз. Бірақ, басқа жарысушылардың өздері Льюистің бортына сұранбай-ақ, бизнес джетті жалға алуды дұрыс санайды. Неге деп ойлайсыз? Қолыңыз қалт еткенде ойланып көріңіз, ал, біз болсақ, келесі тармаққа ауысамыз.1 - Жеке ұшақ сатып алмаудың 15 себебі

Сіз сән-салтанаттың өзіне салынатын салық туралы естідіңіз бе?

Енді іске көшелік. Бұдан бұрын жеке ұшақ алу оны сатып алуға жіберген шығыннан да асып кететіні туралы айттық. Салмағы сіздің иығыңызға түсетін басқа да шығындар бар. Шығындардың негізгісі – бірқатар елдердің азаматтарына ресми таратылатын сән-салтанат салығы. Мәселен, егер сіз Францияның, АҚШ-тың, Аустралияның, Мексиканың немесе басқа елдердің азаматы болсаңыз – құттықтауымызды қабыл алыңыз: бұл мемлекеттерде өзінің сән-салтанатқа ие ауқатты азаматтарына жоғары деңгейде салық салады. Басқа елдер үшін бұл бар болғаны уақыт мәселесі ғана. Сән-салтанатқа салынатын салық мөлшері әр елдерде әр түрлі, ереже бойынша, ол заттың құнынан 5-30%-ды құрайды.

Бейнені көз алдыңызға елестетіп көріңіз, $15 миллионға ұсталған Gulfstream G280 (2014 жылғы) джет сатып алдыңыз делік, сізге 10 пайыздық салық түрінде қосымша $1,5 млн. төлеу керек болады.

Сонымен қатар, бірқатар елдер, мысалы, Италия осындай лайнерлердің жолаушыларына да осындай сән-салтанат салығын салады. Мысалы, сіз жеке ұшақта Нью-Йорктен Римге ұштыңыз делік, онда салық ретінде қосымша €200 төлеуіңіз керек болады. Кері ұшуға да осындай ақша төлеуге тура келеді. Тұрақты сапарды таңдаған жағдайда жолаушылар мұндай шығындардан босатылған.2 - Жеке ұшақ сатып алмаудың 15 себебі

Сақтандыру – шығындардың тағы бір тармағы

Төленуі тиіс салықтан басқа, шығынның тағы бір тармағы – сақтандыру. Сақтандырудан үнемдеймін деп, түксіз қалуға да болады. Әсіресе, әңгіме жеке ұшақ сияқты сән-салтанатқа қатысты болғанда. Кез келген көлік құралына сақтандыру полисін рәсімдегеннен, ұшақты сақтандыру маңызды. Спорттық автомобиль жүргізгеннен ұшуда тәуекел аз сияқты көрінуі мүмкін, себебі, ұшу ережелері жол қозғалысы ережелеріне қарағанда анағұрлым қатал. Бірақ, зақымдалу тәуекелінен ешқандай ереже де, талаптар да сақтандыра алмайды.

Кез келген көлік құралы сияқты, ұшақтың құрамдас бөліктері мен тетіктері сынып, жарамсыз болуы мүмкін. Сақтандыру өзіңіз жауапкершілік ала алмайтын күтпеген шығындарды жабуы мүмкін. Сондай-ақ, кез келген көлік сияқты, әуе кемесі де апатқа ұшырауы мүмкін. Авиациялық оқиғалар басқа қозғалыстарға қарағанда неғұрлым тәуекелі жоғары, тіпті, жолаушылардың қауіпсіздігі көзқарасы тұрғысынан емес, физикалық шығын тұрғысынан алғанда. Сақтандыру қанша тұрады? Орташа есеппен, сақтандыру компаниялары кеме корпусының құнынан шамамен 0,03% алады. Сөйтіп, 10 миллион доллар тұратын джет үшін жыл сайынғы сақтандыру $30 000 құрайтын болады. Қымбатырақ, солай емес пе? Бұл ақшаға жыл сайын жаңа әрі жақсы автомобиль сатып алуға болады.p. 9 - Жеке ұшақ сатып алмаудың 15 себебі

Техникалық қызмет көрсету шығындары өте жоғары

Қымбат жабдыққа эксклюзивті қызмет көрсету керек. Өкінішке орай, эксклюзивті қызмет көрсету дегеніміз, бағасы да қымбат деген сөз. Бірақ, сізде басқа амал болмайды да. Бизнес джетті жақсы формада ұстауыңыз керек. Ақаулы ұшақпен ұшамын деп, өзіңіздің баға жетпес өміріңізді тәуекелге салмайтын боларсыз, солай емес пе?

Сондықтан, қызмет көрсету кестесін қатаң ұстану керек. Бұл сіздің ғана емес, сондай-ақ, басқа адамдардың да өмірлерінің қауіпсіздігінің мәселесі. Міне, сондықтан да жөндеу жұмыстары мен қызмет көрсету кестесінен ауытқу ұшу лицензиясынан айырылу мүмкіндігіне әкеледі. Ал, ұша алмайтын ұшақтың не қажеті бар?

Тіпті, егер сіз әуе кемесін жиі пайдаланбайтын болсаңыз немесе мүлдем пайдаланбайтын болсаңыз да, бірқатар тетіктерін алмастыру қажет. Иә, ол міндетті. Тіпті, біразын тоқсан сайын алмастыру қажет. Сонымен қатар, ұшудың сағаттық кестесіне негізделген қызмет көрсетілуі қажет. Бұл – жеке ұшағыңыз болса, шығыннан құтылмайтындығыңыз.

Орташа есеппен, жеке лайнерлердің иелері техникалық қызмет көрсету шығындарын жабу үшін жылына кем дегенде $100 000 жұмсайды. Бұған тетіктерді қалпына келтіру мен қосымша жабдық кірмейді. Бұл шетке ысырып қоя тұратын нәрсе емес. Олай болмаған жағдайда, лицензиядан айырыласыз, немесе, өміріңізбен қоштасуыңыз да мүмкін.3 5 - Жеке ұшақ сатып алмаудың 15 себебі

Сізге кім жұмыс жасайтын болады?

Егер сізге жүргізушіні табу көп уақыт пен күшті талап етеді деп ойласаңыз, өзіңіздің жеке ұшағыңыз үшін дұрыс ұшқыш табу қажеттілігімен бетпе-бет келгенге дейін күте тұрыңыз. Ұшқышты өздігіңізден жалдау ұшудағы және ұшу алдындағы барлық қажеттіліктерді түсінуді талап етеді. Көп жағдайда оның тәжірибесін, лицензиясын, айналасын, психикалық жағдайын тексеруге тура келеді. Бұл – айсбергтің су бетіндегі көзге көрінетін бөлігі ғана! Тәжірибелі ұшқыштар жаңадан келгендеріне қарағанда әлдеқайда қымбат. Ал, бұл дегеніңіз, жеке ұшақты ұстап тұруға кететін шығынның тағы да артатынын білдіреді.

Смотрите также:  Суеверные в Китае не летают

Қараңыз:  Ұшақты ұзақ мерзімге жалға алу

 

Ұшқышқа және штурманға қанша шығындалатыныңыз сіздің қаншалықты жиі және қандай аралыққа ұшатыныңызға байланысты. Жеке лайнерлердің командирлері кесте бойынша және бір елдің көлемінде ұшу жағдайында шамамен жылына $200 000 табады. Егер сіз лайнерді кез келген уақытта және кез келген бағытта басқаратын ұшқыш іздеген болсаңыз, жылына бюджетке $300 000 бөлуіңіз керек болады. Ал, егер, сіз борта кез келген қажеттілігіңізді өтеуге қабілетті ұшу экипажы болғанын қаласаңыз, шығынға тағы $50 000 бөлуіңізге тура келеді. Міне, сән-салтанаттың сервис пен қауіпсіздікпен түйісетін жері. Нәтижесінде – көз бояушылық үшін қосымша шығындар.4 - Жеке ұшақ сатып алмаудың 15 себебі

Көптеген рұқсаттар алу мен әр түрлі қағаз жұмыстарын жасау қажеттілігі

Егер жеке ұшақты жол инспекциясының қызметкерлері тоқтатар болса, көлік құралының құжаттары мен жүргізуші куәлігінен өзге, салмақты құжаттар пакетін сұрар еді. Ұшу сапарларының қауіпсіздігі мен тәртібі аса маңызды. Әр ел ұшу қозғалысының ережелерін әзірлеу, саясатын жүргізу мен басқаруға маңызды шаралар қабылдайды. Міне, сондықтан да бір қаладан бір қалаға ұшу осы аралықты машинамен жүріп өткенге қарағанда айтарлықтай маңызды.

Жеке ұшақты басқару үшін жүргізуші куәлігі қажет емес. Бірақ, ұшуға дайындықты бастағаннан бастап, қағаз жұмысы да басталады. Капитан мен штурман – лицензия керек жалғыз адамдар емес. Бұрын да айтып өткеніміздей, бизнес джетте де ұшу рұқсаты болуы керек. Бұл – қауіпсіздік сертификаты, бірақ, осымен шектеледі деп ойламаңыз. Біріншіден, кеме базаланатын және жөндеу жұмыстары жүргізілетін әуежайдың есептік деректері керек. Егер елден тысқары шығатын болсаңыз, оған да рұқсат керек. Және сақтандыруды да ұмытпаңыз. Оған қосымша, әуе кемесін тіркеу керек болады.

Бұл деректерсіз сіздің жайлы ұшу туралы арманыңыз санаулы минуттардың ішінде бюрократиялық сұмдыққа айналуы мүмкін. Оларсыз сіз үлкен айыппұлдан қаша алмайсыз, тіпті, лайнеріңізді тәркілеуі де мүмкін.p. 6 - Жеке ұшақ сатып алмаудың 15 себебі

Бұл сәнді спорткарды иеленумен бірдей емес

Егер сіз спорттық автомобиль жеткіліксіз болғандықтан ғана, өзіңіздің активіңізді толтыру үшні жеке ұшақ сатып алғыңыз келсе, онда бұл туралы мүлдем ұмытыңыз. Ұшаққа ие болудың спорткармен ешқандай ортақ ештемесі жоқ. Сіздің ашық тұрған гаражыңыздың жанынан өткен көршілеріңіз әдемі автомобиліңізге қызығуы мүмкін, бірақ, сіздің ұшағыңыз тұрған ангардың жанынан өтетіндер әуежай қызметкерлері мен экипаж ғана. Егер селфи жасап, бизнес джетіңіздің суретін әлеуметтік желілерде жарияламайтын болсаңыз, онда, экипаж ғана жалғыз аудиторияңыз болып қалады.

Жеке ұшақтан сәнді автомобильден алатын қанағаттану  сезімі болмайды. Көршілер, мысалы, сізді жаңа Ferrari-дің рулінде көруі мүмкін, ал, бірақ, ұшақты көре қоюы екіталай. Сондықтан, мақтанғыңыз келсе, іздегеніңіз осы болса, жеке лайнер сатып алу сіз үшін емес. Мүмкін, сізге неғұрлым беделді автомобиль сатып алған дұрыс шығары. Оның қымбат болуы маңызды емес, бастысы  – имидж. Бұл жерде таңдау да көп. Мысалы, ең жылдам электромобиль NIO EP9 шектеулі көлемде шығарылған. Немесе, аукциондарда 38 миллион долларға дейін тұратын  Ferrari,  AstonMartin немесеPorscheсияқты винтажды автомобильдерге әуестік танытуға болады.5 - Жеке ұшақ сатып алмаудың 15 себебі

Қанекей      , әр ұшудың өзіндік құнын елестетіп көрейік

Сонымен, сіз ұшақты сатып алудан өзге оның тікелей шығындары туралы да білдіңіз. Кемені бүтін және зақымдалмаған жағдайда ұстап тұру үшін жылына қанша шығындалу керектігі туралы елестетіп көрдіңіз бе? Енді, нақты бейнені салып көруге тырысайық: өзіңіз иелік ететін ұшақпен ұшу қаншаға түседі?

Ұшақты пайдаланудағы ең жоғары құн – оның отыны. Әрине, ол сатып алғыңыз келетін ұшақ түріне де байланысты. Ұшақ неғұрлым кіші әрі жеңіл болған сайын ол соғұрлым отынды да аз жағатын болады. Мысалы, сегіз орындық CessnaCitation X лайнері бір сағаттық ұшу үшін 1400 литр отын жағады, отынның өзіне ғана сағатына шамамен $2000 жұмсау керек. Тіпті, шағын төрт орындық CirrusVision SF50 ұшағымен бір сағаттық ұшу $700 шығады. Енді осы шығындарды коммерциялық авиокомпаниялардың тұрақты сапарларының авиабилеттерімен салыстырып көрейік. Нью-Йорктен Вашингтонға дейінгі бағыт бойынша бірінші класты билет шамамен $400 тұрады. Бұл ең кішкентай және тіпті, сәнді емес ұшақпен ұшқаннан да екі есе арзан.

Ұшақты пайдаланбау – ол үшін төлемеу дегенді білдірмейді 

Бұрын джет ангарда тұруға арналмаған деп айтқан болатынбыз. Ұшақ ұшуы керек. Бұл көп себептің бірі ғана. Егер сіз қарапайым ұшақ арзанға түседі деп ойласаңыз – қателескеніңіз. Сіз, мысалы, бірқатар тетіктерді ұшу сағатының көлеміне қарамастан, тұрақты түрде алмастырып отыру керектігін білесіз. Сондықтан, аспанда болсын, жерде болсын, жеке ұшақ қымбатқа түседі.

Жөндеу жұмысы қажеттілігі пайда болғанға дейін, ұшақтың иесі ретінде сізге өзіңіздің әуе кемеңізді қайда қалдыратыныңызды шешу керек. Егер сіз ұшу-қону жолағына тікелей рұқсаты бар үлкен гараждың иесі болмасаңыз, онда, әуежай ангарынан орын жалға алуыңыз керек. Бірқатар әуе айлақтары ашық ауада ұшақтарды қоюды тәжірибелерінде пайдаланады. Бұл мемлекеттік немесе жеке ангарға қарағанда айтарлықтай арзан, бағасы да айына шамамен $50. Бірақ, сәнді лайнерді тиісті қорғаусыз экстремалды ауа райы жағдайында қалдыру дұрыс шешім деп ойлайсыз ба?

Смотрите также:  Pilatus отчитался об итогах работы в прошлом году

Қараңыз:  Кіріс өсуде – Bombardier  пайдасының артқаны туралы

 

Ангардың көлемі мен орналасуына қарай, жалға алу құны әр түрлі болуы мүмкін, бірақ, орташа есеппен жалға алу мөлшерлемесі шамамен айына $500. Ал, бұл еуропалық мегаполистің орташа статистикалық тұрғыны өзі және отбасы үшін тұрғын үйді жалға алу төлемінен де артық.6 - Жеке ұшақ сатып алмаудың 15 себебі

Егер сіз әлемдік масштабтағы жұлдыз болмасаңыз, ұшақты қайта сату қиын болады

Сіз спорткар сатып алып, кейіннен жақсысын сатып алу үшін оны сатқыңыз келсе, келісім жасау қиын емес. Машинаңызға жақсы күтіммен қарап, оның құндылықтарын сақтасаңыз, оны тіпті пайдамен де сатуға болады. Бірақ, мәселе жеке ұшақ туралы болғанда, бұл ереже жұмыс жасай қоймайды.

Иә, классикалық ұшақ оның сатып алынатын бағасына қарағанда үлкен құндылыққа ие болуы мүмкін. Бірақ, ол үшін ондаған жылдар бойы оны күтіп-баптап, қызмет көрсеткені үшін төлеуіңіз керек. Ал, енді сіз ұшақты жұмыс жағдайында ұстап тұру өте қымбат екенін жақсы түсінуіңіз керек. Сондықтан, ұшағыңыз классика немесе раритетке айналғанға дейін жеке ұшаққа бірнеше жыл күтім жасауды ойласаңыз, бұл сценарий сізге келмейді.

Бірқатар танымал адамдар мен миллиардерлер өздерінің жеке ұшақтарын оңай сата алады, себебі, олардың аттары өздері үшін жауап береді. Өкінішке орай, ауқатты болса да, танымал еместер мұндай артықшылыққа ие емес. Сөйтіп, сіздің джетіңіз сатылуға қойылған, ұсталған қарапайым ұшақтар қатарын толықтырады.

Соңында, ұшақты ұстап тұру құны тұрақты түрде өсіп, лайнерді үлкен жеңілдікпен сатуыңызға тура келеді. Кез келген жағдайда ақшаңызды жоғалтасыз. Мәселе сәнді жылжу – қиындықтар мен қолайсыздықтардан тұратындығында.

Бұл инвестиция формасы емес

Біз пайдаланылған жеке ұшақты сату келісімі қаншалықты қиын екені туралы айттық. Ал, оның құны сатып алғандағы бағасына қарағанда әлдейқайда төмен болуы мүмкін. Сондықтан, жеке ұшақтың актив болып табылмайтынын, ал, оны сатып алу – инвестиция емес екенін білуіңіз керек.

Мүмкін, сіз бір жерден капитал жұмсалымының осы түрі туралы оқыған да шығарсыз. Бірақ, дұрыс түсініңіз: авиацияға инвестиция ескі кемені сатып алу, қалпына келтіру және неғұрлым құнды актив жағдайына жеткізу дегенді білдіреді. Содан кейін, сіз оны қайтадан сата аласыз, болмаса, өзіңіздің коллекцияңызды толтырасыз, болмаса коммерциялық сапарларды ұйымдастырасыз. Инвестиция міне, осы. Бірақ, анда-санда әлем бойынша ұшу үшін жеке ұшақты сатып алу, содан кейін жалықтырған кезде оны сату – инвестиция емес. Ақшаңызды жоғалтатыныңыз анық. Егер оны тіпті сатып алған бағадан қымбатқа сататын болсаңыз да, пайдалану мен техникалық қызметке кеткен шығыныңызды жаппайды.

Қолыңызда 10 миллиондоллар болса, оны басқа салаға салған дұрыс, мысалы, жылжымайтын мүлікке. Жердің бағасы да өсе береді. Сәл шыдамдылық танытсаңыз – нәтижесінде капиталыңызды арттыра аласыз.9 - Жеке ұшақ сатып алмаудың 15 себебі

Жеке ұшақ – өте, өте, өте маңызды адамдарға арналған сән-салтанат

Шындыққа бетпе-бет қарайық: жеке ұшақ – кез келгенге бұйыра беретін сән-салтанат емес. Егер сіз ақшаны осынша ысыраппен пайдалана алатын болсаңыз да, тура осылай жасау керек деген сөз емес. Жеке джеттің иесі келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Ақша жоғалтуға жол бере алады (салыққа, сақтандыруға, лицензияға, қызмет көрсету мен әуе кемесінің тұрағына);
  • Тұрақты түрде ұшуы керек, кем дегенде аптасына екі рет (қалалар арасында ғана емес, құрлықаралық ұшулар да болуы мүмкін);
  • Нормаланбаған кесте бойынша жұмыс жасауға (тұрақты сапарлардың кестесі оның сапарларының кестесімен сәйкес келмеуі мүмкін);
  • Құжаттамамен жұмыс жасауға деген құлшынысы болуы (төлеп қана қоймай, құжаттар пакетін түсініп, жауапкершілік алуға);
  • Үнемі адамдардың қасында болуы, өйткені, ол аса маңызды тұлға (осыдан саяхат кезінде кеңістікке деген қажеттілік туындайды);
  • Әуежайда күзетсіз жалғыз бола алмайды, себебі, аса танымал (оған көре алмаушылар мен табынушылар жол бермейді);
  • Адамдар одан бір нәрсе сатып алуды қалайтындай жеткілікті түрде танымал.

Сонымен, сіз осы критерийлердің кез-келгеніне сәйкес келесіз бе? Және, әлі де болса жеке ұшақ сатып алғыңыз келеді ме?