Жеке ұшақты жалға алу. Бизнес-джетті жалға алуға Сізге не бөгет?

Поиск и аренда частных самолетов

Іскери авиация Ресейде кейінгі жылдары неғұрлым танымал бола бастады. Егер Еуропа немесе АҚШ туралы айтар болсақ, онда ол жақта жеке ұшақты жалға алу немесе сатып алуға қатысты ешкімді таң қалдыра алмайсың. Жеке сапарлар тұрақты сапарлармен салыстырғанда әлі де әлдеқайда қымбат екеніне қарамастан, оларды пайдаланғысы келетін адамдар саны тұрақты түрде өсуде.rost biznes aviacii v rossii - Жеке ұшақты жалға алу. Бизнес-джетті жалға алуға Сізге не бөгет?

Соған қарамастан, көптеген табысты адамдар бизнес-джеттің артықшылығы көзге көрініп тұрса да, оны жалға алуға қаражаты жеткілікті болса да, бизнес-джетті жалға алуға асықпайды. Оларға жеке сапарларды пайдалануға не бөгет? Себебі, іскер авиация саласы көп жағдайда құпияға толы. Көптеген елдерде, оның ішінде Ресейде жеке ұшақ таңдаулылардың, әлдебір мифтік «жоғары кластың» артықшылығы деп есептеледі және ойға да келмейтін сән-салтанатпен және тыйым салынған, қол жете бермейтін дүниемен салыстырылады.

Бұл мақаламызда біз іскер авиацияның негізгі аңыздарына назар аударып, олардың бірқатарын жоққа шығаруға тырысамыз. Мүмкін, тура солар сізге бірінші қадам жасап, күндердің күнінде тұрақты сапарларға мыңыншы рет билет сатып алудың орнына жеке ұшақты жалға алуға бөгет болып жүрген шығар.

Жеке ұшақтар туралы бес аңыз

Сонымен, бірінші аңыз: космостық қымбаттық

Егер мысқылмен айтар болсақ, онда жеке ұшулар бағасын космостық емес, бар болғаны орындалмайтын арман деп те айтуға болады, ол тіпті логикалық тұрғыда дұрыс та болар. Бірақ, бұл пікірді төменде жоққа шығаратын боламыз. Ең алдымен, ұшақты пайдалану шынымен қымбат, сондықтан, жеке сапарға жұмсалған ақшаңыз әуе кемесі иесінің қалтасына тікелей барып түсе қалады деп ойламаңыз. Жоқ, олар әр түрлі бағыттарға жұмсалады, атап айтар болсақ, техникалық қызмет көрсету мен клинингке, тікелей ұшу алдындағы және кемені тоқтап тұрған кездегі жан-жақты қауіпсіздікке тексеруге, экипаж жұмысына, отынға, ангарда тұруына, әуежайда болуына, салықтарға, және сіз тапсырыс беретін қосымша қызметтерге төленеді.chastniu samolet - Жеке ұшақты жалға алу. Бизнес-джетті жалға алуға Сізге не бөгет?

Нәтижесінде, бағасы айтарлықтай жоғары болады. Бірақ, ол жеке сапарлар кезінде үнемдеуге болмайды деген жаңсақ пікір. Үнемдеуге болады, біз қазір олар туралы айтатын боламыз.

Алдымен, көпшілігі тіпті ешқашан естімеген EmptyLegs деген тамаша жүйе бар. Ол жеке ұшу құнынан 75%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, қараңыз, бұл тіпті жарнама әрекеті емес. «Сиқырдың» мәні мынада: сіз белгілі бір бағыт бойынша бос мәжбүрлі сапар жасайтын ұшаққа тапсырыс бересіз. Оның бұлай жасау себептері де әр түрлі, мысалы, біреу бір бағытқа ғана ұшуға тапсырыс берген. Немесе жолаушылар ұшағы қандай да бір жүкті жеткізеді, мүмкін, ол емдеу орнына дейін науқасты әкелген болар, енді, өзінің миссиясын орындап «үйге» бос оралады.

Бір сөзбен айтқанда, жағдайлар өте көп болуы мүмкін, ал, аталған жағдайда әуе кемесі неліктен толықпаған күйінде сапарға шығатыны маңызды емес. Маңыздысы – оны тиісті түрде пайдаланып, эконом-класс бағасына ұқсас немесе тұрақты сапардың бизнес-класындағы орын бағасынан төмен бағамен жеке ұшақпен ұшу мүмкіндігін пайдалану керек.

Ұшақты жалға алу құнын онлайн есептеу

Оны AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясына жүгініп орындау оңай. Орыс тілді еуропалық авиаброкердің сайтында EmptyLegs жүйесі бойынша қандай да бір жақтарға ұшатын әуе кемелері бойынша өзекті ақпараттар бар. Сіз ұшу бағытын, әдеттегі бағадан әлдеқайда төмен бағаны көріп, жедел түрде тапсырыс бере аласыз. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз туындаса, немесе бір нәрсе түсініксіз болса, онлайн немесе телефон арқылы AVIAV TM (Cofrance SARL) менеджерімен хабарласып, саяхатыңыздың барлық ерекшеліктерін талқылай аласыз.

Әрине, EmptyLegsсапарлары бірқатар кемшіліктерге де ие. Ең алдымен, сіз тұрақты сапарлардағыдай, олардың талаптарына да икемді болуыңыз керек. Атап айтар болсақ, қажетті күні сізге қажетті бағытқа сәйкес келетін жеке ұшақтарды іздеуіңіз керек. Сонымен қатар, егер танымал бағыт болса, бизнес-джетте мың еуроға желмен бірге жарысқысы келетін жолаушылар көптеп табылуы мүмкін, ал, басқа жағдай болса, жеке ұшақты жалға алу құны 20 мың еуродан жоғары болар еді, сондықтан, әуе кемесі «көз алдыңызда» кетіп қалуы мүмкін.

Егер EmptyLegs-пен жолыңыз болмаса, онда жеке ұшулар уақытында шығындарды азайтудың басқа тәсілдерін іздеуге тура келеді. Ол сән-салтанаттан үнемдеу. Айта кетейік: жайлылықтан емес, сән-салтанаттан үнемдеу. Оны біз мақаланың келесі бөлімінде қарастыратын боламыз.

Бюджеттік ұшақ тауып алу

Екінші аңыз: керемет сән-салтанат

Сонымен, біз екінші тармаққа көштік: жеке ұшақпен ұшу – көпшілігіне керемет сән-салтанатпен салыстырылады. Бірақ, сән-салтанат пен қымбаттық үнемі бір біріне сәйкес келе бермейді. Егер сіз жеке сапарға тапсырыс берсеңіз, ол бортында алтынмен апталған бассейні бар ұшатын сарайға тап болатыныңызды білдірмейді.gj p4aim 07 0 - Жеке ұшақты жалға алу. Бизнес-джетті жалға алуға Сізге не бөгет?

Көптеген жеке ұшақтар өзінің интерьері бойынша қарапайым бизнес-класты еске түсіреді. Жайлы, бар болғаны сол ғана. Мұндай джеттер іскер сапарларға арналған, ал, осындай ұшулар кезінде басқа не керек? Шалқайтуға (үнемі емес) немесе төсекке өзгертілетін ыңғайлы кресло, түскі асқа немесе жұмыс істеуге болатын үстел, интернет, фильм көру үшін экран, жалпы алғанда, керемет өзгеше ештеңе жоқ. Әрине, сервис сапасы маңызды, бірақ сіз бұл жерде сенімді болсаңыз болғаны: дербес джеттегі қызмет көрсету деңгейі VIP-қонақтарға есептелген.

Смотрите также:  Отдых в Греции - билеты и туры в Грецию

Қараңыз:  Берлиндегі жаңа әуежай әлі ашылған жоқ, бірақ, ақпараттық таблоны алмастыру керек

 

AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы өзінің клиенттеріне кей жағдайда бонус ретінде жүретін қымбат емес қосымша қызметтерді де ұсынады. Мысалы, әуежайға келу – кету, әуежайдың VIP-залына келу, медициналық сақтандыруды немесе визаны рәсімдеу, аудармашының көмегі және т.с.с.Бірақ, қажеттілікті сән-салтанатпен ауыстырып алмау керек. Мысалы, бортта қымбат мейрамханадан жеткізілген түскі ас пен эксклюзивті ішімдік артық мың еуроға шығуы мүмкін, бұл бар болғаны бір тармағы ғана, тапсырыс берушінің көптеген қосымша қалаулары да болуы мүмкін.

Міне, сізге «стандартты жинақ» жеткіліксіз болған кезде көбірек төлеуге дайындала беріңіз. Егер бортта бес жұлдызды қонақ үйдегідей номер, джакузи, ақ күйсандық немесе сүйікті итіңізге шаштараз керек болса, әлбетте, ол үшін сәйкес ақша төлеуге тура келеді. AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы үшін мүмкін емес ештеңе жоқ, егер сізге бортында субұрқағы немесе тірі апельсин ағаштары бар ұшақ керек болса, сізге оны да тауып береді. Бірақ, оның барлығы өздігінен бола қалады деп ойламаңыз.

Жеке ұшақпен ұшу жайлылық пен еркінікті білдіреді: сізге ыңғайлы, кез келген сүйікті ісіңізбен айналыса аласыз, жағымсыз көршілер мазаңызды алмайды, себебі, өзіңіз қалаған компаниямен ұшасыз. Жұмыс істеп, демалып, желіде әңгімелесіп, кино көріп, жиналыс өткізіңіз – өз қалауыңызда. Жеке ұшуларда сіз уақытыңызды, күшіңізді, жүйкеңізді үнемдейсіз, бірақ, асқан бақыт сезімінен басыңыз айналып, корольдікіндей таңғажайып өмір кеше қоймайтыныңыз анық.

Қосымша қымбат қызметтерден басқа, жеке ұшу уақытында қалай үнемдеуге болатыны туралы айтқанда ұшақтың өзін таңдау туралыда айта кету керек. Мысалы, EmbraerLegacy 650, немесе Falcon 900 DX, немесе Challenger 605, немесе CessnaCitation XLS+ модельдері тура осындай, бірақ, кейін шыққан модельдерге қарағанда айтарлықтай арзанға түсуі мүмкін.

Ал, егер ұшақ ескірген болса, онымен ұшу екі есе арзанға түседі. Әрине, «ескірген» модельді таңдайсыз ба, әлде, жоқ па – таңдау еркі сізде. Бірақ, кез келген жағдайда кез келген әуе кемесі әр ұшу алдында мұқият қауіпсіздіктің техникалық тексеруінен өтеді, ал, жеке бағыт кезінде ол тіпті қатаң тексеріске ұшырайды. Сондықтан, ескі ұшақпен ұшуға қорқудың қажеті жоқ, дегенмен, таңдау еркі – сізде. Қандай нұсқаны таңдасаңыз да, AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы оны сізге қуанышпен ұсынады.

Ұшақты онлайн таңдау

Үшінші аңыз: уақыт үнемделмейді

Жеке ұшақты жалға алып көрмегендер оны ұзақ әрі күрделі процесс деп ойлайды. Бірақ, іске келгенде мүлдем олай емес. Бар болғаны, жеке сапарға тапсырыс беру клиент үшін жылдам және оңай екеніне көзіңізді жеткізу үшін AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясына жүгінсеңіз болғаны.

Ең алдымен, сізге ештеңе жасау керек емес: бар болғаны менеджермен хабарласып, ұшатын және қонатын жерді, күні мен жолаушылар көлемін айтсаңыз болғаны. Содан кейін, қызметкер сізге жеткілікті түрде жан жақты сипатталған, кем дегенде онға тарта нұсқасы бар коммерциялық ұсынысты жібереді. Сіз екі жаққа да ұшу бағасын, жығарылған жылымен ұшақтардың әр түрлі модельдерін, салондағы отыру орныдарын және саяхатыңыздың ұзақтығын бір демде көресіз (әлбетте, әр жолаушы үшін емес, толықтай әуе кемесі үшін).Fotolia 102481163 Subscription Monthly M - Жеке ұшақты жалға алу. Бизнес-джетті жалға алуға Сізге не бөгет?

Сілтеме бойынша өте отырып, сіз әрбір модельмен, салон интерьерімен, ыңғайлылықтарымен танысып, аталған нұсқа сізге келе ме, жоқ па, талдау жасай аласыз. Мұндай әрекеттерді санаулы минуттарда ғана орындайсыз, оның үстіне, әр түрлі ұшақтарға баға беру – қызықты. Өзіңізге сәйкес әуе кемесін таңдап, AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясының менеджерімен қайтадан хабарласып, тапсырыс бересіз. Шарт интернет бойынша жасалады, төлем ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіледі, жалпы алғанда, барлық процесс аз ғана уақыт алады.

Қалауыңыз бойынша тапсырысты рәсімдегеннен кейін бірнеше сағаттың ішінде ұшып кете алатыныңыз да жайлылықтың белгісі. Өмірде қандай жағдайлар болатыны біле бермейміз ғой. Кей жағдайда бір жерде жедел түрде болу керек, ондайда бір де бір артық минут болмайды. Бұл жағдайда жеке сапар – тамаша шешім.

Барлығына белгілі, тұрақты сапарлармен әуе сапары уақытында қарап-тексеру мен әуежайдағы тексеріс шаршататын процедуралар. Кей жағдайда ол ұшудың өзінен де көп уақыт алатынын бар. Көпшілік әуе кемесін жалға алған кезде тура осындай жағдайдан өтеміз және ұшақ сапарға аттанғанға дейін бірнеше сағат күтеміз деп ойлайды. Бірақ, ол қате пікір!

Смотрите также:  В Стамбуле проходит крупнейшая за всю историю авиации логистическая операция

Қараңыз:  Пхукет әуежайы – HKT – VTSP

 

Жеке ұшақты жалға алғанда ұшып кеткенге дейін 15 минут бұрын әуежайға келсеңіз болды. Ал, ол жерге сізді AVIAV TM (Cofrance SARL) ұсынатын жайлы автомобиль алып келеді. Жүкті қарау процедурасы екі-үш минутты ғана алады, ал, төлқұжаттық бақылау –бір сәттік қана құбылыс. Сөтіп, әуе айлағына келу – тіпті оңай.

Егер сіз тіпті дьюти-фриге келу үшін әуежайға ерте келгіңіз келсе, AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы VIP кластағы пассажирлерге арналған күту залын ұсынады, ол жерде сіз жайлы жағдайда демалып, сүйікті асханаңыздан түскі асқа тапсырыс бере аласыз немесе компьютермен жұмысыңызды бітіресіз.

Әуе кемесі ұша алмай қалатын жағдайлар да кездеседі. Оған қолайсыз ауар-райын жатқызуға болады. Оған түсіністікпен қару керек. Таңғажайып оқиғалар болмайды, тіпті, AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясының өзі де ауа-райына әсер етуге қабілетті емес:мәселен, боранды тоқтатып, найзағайдың немесе дауылдың алдын ала алмайды. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіздің мәселесі, экипаж ережелерді бұзып, сіздің және өздерінің өмірлерімен тәуекел ете алмайды.

Жеке ұшу сіздің күшіңіз бен жүйкеңізді сақтайтыны да маңызды – нәтижесінде бұның өзі сіздің уақытыңызды үнемдеу. Есіңізге түсіріп көріңізші, қажетті жерге шаршаған,еңсеңіз түскен қалпыңызды келіп, жылдам ұйқыға кеткіңіз келді, соның салдарынан ештемеге назарыңызды аудара алмадыңыз. Әдеттегі сапар – белгілі бір стресстен тұрады: жайсыздық, ұнамайтын көршілер, шуылдаған балалар, көңілсіз персонал, оның үстіне, сапасына күмән келтірілетін тамақ. Ол жерде жұмыс істеу тұрмақ, өзіңізді ретке келтіріп, жақсы тамақтану туралы да ойлай алмайсыз, ал, ұйықтай қоюыңыз тіпті екіталай. Сөйтіп, межелі жерге келгенде сіз төсекке жылдам жетуді армандап, біраз уақытыңызды күшіңізді қалпына келтіруге жұмсайсыз.

Жеке ұшулар кезінде сізде осылардың бірі болмайтынына сенімді боласыз. Ол жерде сіз ұйықтай аласыз, болмаса, қажет болса, толық тыныштықта отырасыз, жұмысыңызды жасайсыз, интернет арқылы қажетті адамдармен сөйлесесіз, душ қабылдайсыз, тіпті, көптеген басқа дүниелерді де атқара аласыз. Сізді ешкім алаңдатпайды және тыныштығыңызды бұзбайды. Межелі жерге тың, күшіңіз бар және демалған қалпыңызда келіп, сүйікті ісіңізге бірден кірісе аласыз.

Ұшуға бір сағат қалғанда ұшаққа тапсырыс беру

Төртінші аңыз: қауіпсіздіктің төмен деңгейі

Бұрын айтып өткеніміздей, іскер авиация әлемі көпшілік үшін құпияға толы. Ол жерде не болып жатқаны құпия перденің ар жағында ма? Кім не үшін жауап береді? Сол себепті, көптеген болжамдар мен қорқынышты жорамалдар пайда болады.«Кеме иесіне бастысы пайда табу деп ойлайды ықтимал саяхатшылар. – Оған жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды емес, ол үшін бастысы – ақша. Оның үстіне, ол аз жалақы төлеу үшін штурвалға жаңадан ғана үйренген ұшқышты отырғызып қоюы мүмкін. Ал, брокер – тіпті оның делдалы, оның үстіне, брокер ешқандай жауапкершілік алмайды».Fotolia 112920354 Subscription Monthly M - Жеке ұшақты жалға алу. Бизнес-джетті жалға алуға Сізге не бөгет?

Екінші «қорқыныш факторы»  – бұл әуе кемесінің шағын көлемі. «300 орындық үлкен «Боингті» қандай да бір 15 жолаушыға арналған Falcon 900 DX-пен салыстыруға болады? – деп ойлайды ықтимал тапсырыс беруші.  – Біріншісі бір қалыппен ұшады, оған ешқандай ықтимал табиғи өзгерістер әсер етпейді. Ал, «құрттай» ұшақ  найзағайға ұшыраса немесе селкілдей бастаса не болды? Әлбетте, қайғылы оқиғаға тап болады!»

Бірақ, мұндай ойлардың барлығы ойдан шығарылған болмашы нәрсе. Ұшақ иесіне оның кемесінде кім ұшатыны бәрібір, кіріс алу да маңызды. Бірақ, оның өзі де өзінің әуе кемесін пайдаланатынын ұмытпаңыз, әлбетте, ол өзінің өміріне тәуекел ете алмайтыны анық. Сонымен қатар, құны 30-50 миллион доллар тұратын ұшағынан айырылар болса, қожайын қандай шығынға ұшырайтынын есептей беріңіз!

Жауапкершілік туралы айтар болсақ, оны барлығы өзара бөліседі: экипажда, техникалық қызмет те, авиаброкер де, ұшақ иесі де. Кездейсоқ ештеңе жоқ. Әр ұшу алдында әуе кемесі міндетті түрде барлық техникалық тексеруден өтеді, олай болмаған жағдайда оны аспанға жібермейді. Экипажға қатысты айтсақ, жеке сапарларға тұрақты сапарлармен салыстырғанда анағұрлым білікті экипаж жалданады. Іскер авиацияға азаматтық авиацияда айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар ұшқыштарды ғана қабылдайды, сонымен қатар, олар тұрақты түрде қайта аттестаттаудан және денсаулықтарын тексеруден өтеді. Осының өзі барлық тәуекелдерді минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Ал турбуленттілік аймағына немесе найзағайға кез келген ұшақ ұшырауы мүмкін. Кішкентай әуе кемесі үлкен авиалайнерлерге қарағанда әсерлерге көбірек ұшырауы мүмкін, бірақ, басқарудың замануи жүйелері найзағай фронтына түсуді болдырмай, бұлттарды немесе қатты жел облысын айналып өтуге мүмкіндік береді. Тәжірибелі ұшқыштар өз кезегінде жолаушылар осындай жағдайларға ұшырағандарын білмей қалулары үшін барлық мүмкін болатын жағдайды жасайды. Олардың тәжірибелері мен дағдыларымен бұл тіпті оңай.

Смотрите также:  50 лет со дня первого полета B747 Jumbo Jet

Қауіпсіз авиатасымалдаушыны табу

Бесінші аңыз: ұшақты сатып алған пайдалы

Көпшілік жалға алу – мақсатты түрде дұрыс емес деп ойлайды, ұшақты жалға алған үшін қайта-қайта ақша жұмсағанша, оны сатып алған дұрыс деп болжайды. Бұл, әрине, тиімді болуы мүмкін, бірақ, егер сіз тұрақты түрде ұшатын болсаңыз: әр апта сайын немесе одан да жиі. Бұл жағдайда жеке әуе кемесін сатып алу қажеттілік болуы мүмкін, ал, AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы қуана-қуана сәйкес келетін модельді таңдап береді және сатып алу-сатудың барлық келісімін өздері дайындап береді.

Қараңыз:  Авиакомпаниялардың – аты аңызға айналған Boeing B747 соңғы пайдаланушылар тізімі

 

Бірақ, көп жағдайда клиентке тұрақты түрде ұшу қажет болмайды, ол кезде ұшақты жалға алу тиімді. Себебі, жерде тұрса да ұшаққа аспандағыдай үлкен шығындар керек: техникалық тексерулер, ангардағы орын төлемі, салықтар, сақтандыру және көптеген басқалары. Тіпті, әуе кемесі үнемі ұшып жүруі керек деп есептеледі, себебі, әуежайда тұру қымбатқа түседі.Fotolia 124146310 Subscription Monthly M 1024x682 - Жеке ұшақты жалға алу. Бизнес-джетті жалға алуға Сізге не бөгет?

Әрине, AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы қуана-қуана сіздің ұшағыңызды жалға береді, тіпті одан белгілі бір табыс та табуыңыз мүмкін. Бірақ, ауада болған күннің өзінде ұшаққа белгілі бір шығындар қажеттігін ұмытпаңыз, сондықтан, аталған жағдайда үлкен пайда табамын деп сенім артудың қажеті жоқ. Сондықтан, саяхатқа жиі шықпайтын болсаңыз – жалға алу оңтайлы шешім.

Әрине, ұшақты сатып алу кезіндегі тағы бір кемшілік сол мезетте жасалатын үлкен шығындар. Егер сіз 1-2 жолаушыға ғана арналған жеңіл авиацияның әуе кемесін сатып алатын болсаңыз, оның құны да салыстырмалы түрде жоғары болмайды. Мысалы, Cessna-ның бірқатар модельдерін миллион еуродан төмен бағаға сатып алуға болады, ал, тіпті кейде арзанырақ, яғни, 500 мыңға да тауып ала аласыз. Бірақ, онымен алысқа ұшып кете алмайсыз: мұндай «құстар» қысқа сапарларға ғана арналған.

Неғұрлым күрделі нұсқалар айтарлықтай қымбат:бірнеше ондаған миллиондоллар. Мысалы, іскер авиацияда сұранысқа ие Bombardierchallenger-дің жаңа моделі 25 миллион еуроға шығады, ал, бәрі жақсы көретін рекордсмен Gulfstream G550 50 миллион тұрады, әрине, рубль емес, және бұл ақшаны бір дегенде беру керек болады. Ал, енді елестетіп көріңізші, осындай шығындардың орнын қанша уақытта толтыра аласыз.

Жалпы алғанда, егер сіз жеке әуе кемесін сатып аламын деп ойлансаңыз, онда, AVIAV TM (Cofrance SARL) мамандарына жүгініңіз. Олар сізге мұндай сатып алудың мақсаттылығы мен барлық шығындарды объективті бағалауға көмектеседі. Егер сіз шынымен жиі ұшатын болсаңыз, жеке ұшақ сіз үшін – асқан қажеттілік, егер олай болмаса, жалға алуға тоқталсаңыз, қателеспейсіз!

Іскер авиация әлемімен байланысты кез келген сұрақтарды AVIAV TM (Cofrance SARL) мамандарына қойсаңыз болады. Компанияның қызметтер секторы айтарлықтай кең: ең алдымен, ұшақтарды жалға беру немес сату, бірақ, басқа да бағыттары бар. Мысалы, фирма ұшуға кез келген ілеспе қызметтерді ұсынады: трансферден бастап, межелі жерде қонақүйді брондау немесе жеке пәтер іздеу.

Ұшаққа қызмет көрсетуге ерекше мән беру қажет. Кез келген әуе кемесінің иелерін, оның ішінде, ықтимал иелерді мыңдаған сұрақтар мазалайлы: техникалық тексерулер, борттағы сервис, салықтар, отын, сақтандыру, тқрақ. AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы менеджменттің оңтайлы нұсқасын ұсынуға және тәжірибелі экипаж, сонымен қатар, кеменің мінсіз жағдайын қамтамасыз етуге дайын мамандарды  тауып беруге әзір.

Қазіргі уақытта компаниялар басқа қалаларға немесе елдерге қандай да бір жүкті жеткізумен айналысады. Кей жағдайда, әсіресе мәселе жылдам бүлінетін тауарларға қатысты болғанда   сәйкес ұшақ қажет және тасымалдау жылдамдығы маңызды. AVIAV TM (Cofrance SARL)  қажетті форматтағы жүк кемесін ұсынады, жеткізуді толық ұйымдастырып, жеткізуде қамқорлық танытып, тауардың мінсіз  сақталуын қамтамасыз етеді.

AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясына кез келген уақытта өзіңізге ыңғайлы тәсілмен жүгінуге болады: интернет арқылы, телефоннан немесе кеңселердің біреуіне келу арқылы. Іскер авиацияға қатысты барлық сұрақтарды біз өзімізге аламыз, ал, сізге ұшу қуанышы мен әдемілігінен ләззат алу ғана қалады!

Экипажымен жеке ұшаққа тапсырыс беру