Бизнес джеттер нарығындағыларды қалай тануғаболады?

Поиск и аренда частных самолетов

Бизнес-авиацияның пайда болу кезеңінде өндіруші фирманың атауы ұшақтың атауына да таралды. Learjet  немесе Cessna туралы айтқанда, көп жағдайда осы өндіруші ұшағының нақты бір моделі (немесе түрі) туралы айтылды (әлі де айтылады).

Соңғы жарты ғасыр бойы оның бейнесі түбегейлі өзгерді. Қазір нарықта көптеген өндірушілердің модельдерінің әр түрлі модельдері үстемдік етеді. Және, жеке талаптарыңызға сәйкес келетін әуе кемесін таңдау тұтынушы үшін таптаурын емес міндет болуы мүмкін.

Аviav.ru порталының мамандары бизнес-джет деген жалпы атауға ие болған жеке және корпоративті пайдаланалытаны ірі ұшақ өндірушілерінің топтамасын жасады.Citation - Бизнес джеттер нарығындағыларды қалай тануғаболады?

CESSNA

Citation желісі

CessnaAircraftCompany – АҚШ-тың авиациялық астанасы және көптеген америкалық авиациялық өндірушілердің отаны саналатын АҚШ, Канзас штатыныңУичитақаласында базаланады. Компанияныңі негізін фермер КлайдЦесснақалаған және бастапқы кезде шағын піспекті және турбиналы-бұрандалы ұшақтардың өндірушісі ретінде танымал болған ол, бизнес-класты әуе кемелерінің кең спектрінің өндірушісіне айналды.

2014 жылы компанияны Beechcraft тиесілі TextronAviation сатып алады. Cessna-ның жақсы реномесі арқылы оның жаңа иесі бұрынғы өндірушінің атын сақтап қалады.

Cessna-дан бизнес-джеттер Citationсериялық брендімен шығарылады. Олардың желісі CitationMustang-тан(орын саны –  4,  ұшу қашықтығы – 1207 теңіздік миль) басталады – ең танымал шағын чартерлік ұшаққа айналған шағын және әсем ұшақтар, олар тиімді әуе таксиі ретінде еуропалық нарықтың үлкен үлесін жаулауда.

Cessna  сонымен қатар, әлемде көп сатылатын және өте танымал Citation XL/XLS/XLS+ (орын саны –  8, ұшу қашықтығы 2111 мм) бизнес-джет серияларымен де мақтана алады.  Орташа магистральды және көп мақсатты ұшақ бәсекелес орташа көлемдегі джеттер арасында кең салоны кезінде пайдаланудың ең төменгі бағасын ұсына отырып, Жаңа және Ескі континентте танымалдылыққа ие.

Cessna-ныңалыс магистральды модельдердің топтық моделі қазіргі уақытта шығарылатындардың ішіндегі ең ірісі және жылдамы  Citation X+ (орын саны – 8, Mach 0.935 жылдамдығы кезінде ұшу қашықтығы – 3430 м.м.). Бүгінгі күні ол аспандағы ең жылдам азаматтық ұшақ болып табылады және осы көрсеткіші бойынша Gulfstream G650 бизнес-джетіне тікелей бәсекелес.

Танымалдылығы бойынша аталған модельден кейін CitationSovereign (орын саны – 8, ұшу қашықтығы 2643 м.м.) және соңғы уақытта Citation Latitude.  Latitude (орын саны – 8, ұшу қашықтығы 2850 м.м.) 2015 жылдың соңында чартерлік желілерде пайдалану үшін қолжетімді болды және Citationсериясы ұшақтарының арасында ең үлкен салонға ие.

Бірақ, Cessna  авиақұрастырушыларытабысқа масаттанып, бір орында қалуды қаламай, 2018 және 2019 жылдары сатылымға шығатын CitationLongitude (орын саны – 8, ұшу қашықтығы – 3400 м.м.)  және CitationHemisphere (орын саны –  12,  ұшу қашықтығы – 4500 м.м) ұсынатын болады. Сонымен қатар, келесі жылы бірінші ұшуы  жоспарланып отырған бір моторлы Denali да әзірлік үстінде.global7000 700x525 - Бизнес джеттер нарығындағыларды қалай тануғаболады?

BOMBARDIER

Global 6000

BombardierAerospaceкөлемі бойынша әлемдегі үшінші авиаөндірушісі болып табылады (Airbusжәне Boeing кейін). Компанияныфракофонды канадалық Жозеф-АрманБомбардье1937 жылы негізін қалаған, ал, оның штаб-пәтері Квебекте. Bombardier-ге бизнес-джеттер нарығына ол 1990 жылы LearjetCompanyсатып алғаннан кейін шықты.

Смотрите также:  Airbus заплатит около $9 миллионов за авиакатастрофу

Қараңыз:  Gulfstream G600 Бразилияны жаулауда

 

Компания GlobalExpress  тектестерін қосқанда, бизнес-авиацияға арналған ұшақтардың кең гаммасын шығарады. Бизнес-класты алыс магистральды ұшақтардың пионері бола отырып, Bombardierалғаш рет іскер адамдарға Нью-Йорктен Токиоға немесе Парижден Сингапурға жанармайды үстеп құймастан ұшуларды жасуға қабілетті әуе кемесін ұсынды. Оның айырықша қарапайым және жайлы салоны (оның ішінде, креслолар, жайылатын ұйықтау орындары, жуынатын жер және тіпті, жекелеген ұйықтайтын орындар) ең талғампаз клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Осы өндірушінің келесі флагмандық ұшағы 19 орындық және ұшу қашықтығы 6000 теңіздік мильге дейінгі Global 6000, сондай-ақ, оның кіші бауыры – Global 5000. 2018 жылы (екі жыл кешігіп)  үлкенGlobal 7000 және Global 8000 шығару жоспарда.

Компания сонымен қатар, Challenger 300 familyтүріне жататын орташа көлемдегі бизнес-джеттер желісін шығарады. Bombardier-дің ең шағын орташа класты ұшағы жолаушыларға арналған 8 орны бар – Learjet.  Нарықта бұл санатта 90 жылдардағы Cessnaбасым, бірақ, Bombardier 2014 жылы Learjet 70 және 75  жетілдірілген модельдерін ұсынып, онымен бәсекеге түсті.legacy500 700x425 - Бизнес джеттер нарығындағыларды қалай тануғаболады?

EMBRAER

Legacy 600

Бразилиялық өндірші EmbraerExecutiveJetsбизнес-джеттер нарығына жаңадан келген. Сан-Паулада базаланатын компанияны1969 жылы бразилиялық үкімет әскери ұшақтар мен коммерциялық авиалайнерлерді өндіру үшін құрған. Жеке аивация нарығына ол Legacy моделін шығарғаннан кейін, 2002 жылы келді. Қазір Embraerжаһандық авиаөндірушілер әлемінде үшінші орын үшін Bombardier-діңтікелей бәсекелесі болып табылады.

Бірінші Legacy 600  (орын саны – 13, ұшу қашықтығы –  3250 м.м.)  бір мильге есептегенде пайдаланудың өте төмен құнын ұсынып, алыс магистральды бизнес-джеттер санатында Embraerтабысты болды. Серияның жалғасы (орын саны – 14, ұшу қашықтығы – 3900 м.м.), және орташа санаттың кішірейтілген нұсқасы Legacy 450 (орын саны – 7, ұшу қашықтығы – 2500 м.м.) жәнеLegacy 500 (8 орын,  3000 м.м.) өткен жылы қолжетімді болды.

Embraer  өзінің бәсекелесі Cessna  Mustang-ке қарағанда салонында көбірек орын ұсынатын Phenom 100 (4 орын, ұшу қашықтығы – 1078 м.м.)шығарып, VLJ (VeryLightJet) нарығына бағыт алды. Сондайлық сәнді және неғұрлым ірі  Phenom 300 шағын және орташа көлемдегі бизнес-джеттердің арасындағы аралық буын болып табылады. Оның салонына 7 жолаушы сияды, ал, ұшу қашықтығы 1800 теңіздік миль.

Lineage 1000 (орын саны – 19, ұшу қашықтығы –  4600 м.м) осы бразилиялық өндірушіден ең ірі бинес-класты ұшақ. Ол кең әрі жайлы салон ұсынады. Компания оның көмегі арқылы әзірше Gulfstreamжәне Bombardierүстемдік етіп тұрған алыс магистральды бизнес-джеттер нарығында өзінің қатысуын кеңейтуге мүдделі.g650 700x425 - Бизнес джеттер нарығындағыларды қалай тануғаболады?

GULFSTREAM

Gulfstream G650

GulfstreamAerospace  – GeneralDynamics америкалық қорғаныс және авиакосмостық алпауытқа тиесілі Джорджия штатынан компания. Оның құрамында 1968 жылы Gulfstream жаңа атауын алған Grummanәскери ұшақтарының өндірушісі болды және өзінің назарын бизнес-джеттерге аударды.

Қараңыз:  Robinson R66

 

Бас кезінде компания орташа көлемді G200 және G450 шығарды. Бірақ, қазір оның атауы бизнес-класты ең ірі және алыс магитсральды ұшақтармен  байланыстырылады, ал, ерекше қасиеті – кең сопақ терезелер.

Смотрите также:  {:ru}Горящее предложение: Лондон - Оксфорд (Англия) всего за 130 тысяч рублей!{:}{:ua}Гаряча пропозиція: Лондон - Оксфорд (Англія) всього за 55 тисяч гривень!{:}

GV (G5) 1990 жылы жарық дүниеге келгенде 14 жолаушылар орны мен ұшу қашықтығы 6500  теңіздік миль болатын орташа-қашық магистральды алғашқы реактивті ұшақтар болды. Gulfstreamсодан бері G500, G550 ұқсас көлемдегі модельдерді, сонымен қатар, жақында шығарылған  G650 және оның ұшу қашықтығы ұзартылған G650 нұсқасын ұсына отырып, аталған бағытты ұстанады.

G650ER   Cessna Citation X+-дан «мұрын мұрынға» жылдамдық көрсеткіші бойынша жүретін ең жылдам және қашыққа ұшатын бизнес-джет болып есептеледі.  Екеуінің де крейсерлік жылдамдығы 0.9 Маха, бірақ, Gulfstreamең үлкен қашу ұшақтығы  – 7500 теңіздік мильді ұсынады.

2014 жылы Gulfstream  өзінің мәлімдеуі бойынша одан да әрі қашыққа ұша алатын және асқан жайлылықты, сондай-ақ, пайдаланудың төмен құнын қамтамасыз ететінекі моторлы G500 және G600жаңа нұсқасын шығару туралы жоспарын жариялады. Мұндай бірінші G500  келесі жылы шығарылуы керек.king air700x514 - Бизнес джеттер нарығындағыларды қалай тануғаболады?

BEECHCRAFT

KingAir

BeechcraftCorporation (бұрынғыHawkerBeechcraft), соңғы уақытта қаржылық турбуленттілікті басынан кешіруде. Уичита қаласының тұрғындары Вальтером Х. жәнеОлай Энн Бич  1932 жылы негізін BeechAircraftCorporation  ретінде қалаған компания танымал турбобұрандалы және піспекті ұшақтарды шығарады. Кейінгі он жылда ол бірнеше қайта құруға ұшырады, оның ішінде, Hawkerjet иесі – RaytheonAircraft-мен бірікті. Ақтық рет 2014 жылы Cessna компаниясына да иелік ететін Textronамерикалық технологиялық алпауыт сатып алды.

Beechcraft-тің ең танымал моделі бүкіл әлемге танымал, бірнеше рет өзінің 50 жылдығын атап өткен турбобұрандалы KingAir. TheKingAir  айырықша практикалық ұшақ ретінде үлкен танымалдылыққа ие болды, әсіресе АҚШ-та, және жергілікті авиажеліде, медициналық авиацияда және т.с.с. пайдаланылды. Жолаушыларға арналған 5-тен 9-ға дейінгі орынға және 1500 мильден жоғары ұшу қашықтығына ие бола отырып, ол өзінің реактивті бауырластарына қарағанда пайдалануда арзан.

Осы өндірушінің Hawkerjetsтүрлері типтік бизнес-джеттердің желісі болып табылады және орта көлемдегі Hawker 900/900XP-дан (орын саны –  9, ұшу қашықтығы –  2500 м.м), Hawker800/800XP-дан,  (орын саны –  8, ұшу қашықтығы –  2300 м.м),  және жеңіл Hawker 700 XP-дан  (орын саны –  8, ұшу қашықтығы –  1960 м.м) тұрады.falcon2000 700x525 - Бизнес джеттер нарығындағыларды қалай тануғаболады?

DASSAULT

Falcon 900

Dassaultкомпаниясын 1929 жылы Марсель Дессо құрған. Парижде бас кеңсесі бар француздықавиаөндіруші бастапқы кезде 1963 жылы бизнес-авиация нарығына келмей тұрғанға дейін әскери ұшақтар шығарған. Оның іскер адамдарға арналған алғашқы ұшағы кейіннен Falcon 20 деп аталған, көп жағдайда осы маркамен Франция шекарасынан тыс  осы марка бойынша танымал Mystère 20.

Қазіргі уақытта бұл өндірушінің неғұрлым танымал моделі – ұшу қашықтығы 3000  теңіздік мильден жоғары 10 орындық трансконтинентальды Falcon 2000  ұшағы.

Қараңыз:  Challengerбизнес-джеттерінің түрі өзінің 40 жылдығын атап өтті

 

Компанияның басқа моделі француз автомобилі тәрізді таң қалдыратын әрі сәнді, алыс магистральды және үш моторлы бизнес-джет, ұшу қашықтығы 5000 миль және 12 орындық салоны бар – Falcon 900. Бірақ, флагманы Falcon 7X (орын саны –  13, ұшу қашықтығы – 5,950 м.м.)  және Falcon 8X болды. Алыс магистральды бизнес-джеттер бола отырып, олар осы сегменттегі Gulfstreamжәне Bombardier-дің лайықты бәсекелестері. Әзірлік үстінде Falcon 5X (орын саны –  14, ұшу қашықтығы 5,200 м.м.),  ол  компания жаңа ұшаққа салынады деп болжанған Silvercrest инновациялық қозғалтқышын жасап болғаннан кейін, нарыққа 2020 жылы шығарылады деп күтілуде.Boeing747 .700x527jpg - Бизнес джеттер нарығындағыларды қалай тануғаболады?

Смотрите также:  Самые опасные аэропорты мира

BOEING

BoeingBusinessJet

Бұл өзінің жолаушылар авиалайнерлері мен әскери тағайындалымдағы өнімдерімен көбірек танымал компания бизнес-авиацияға 1990 жылы келді, оны 1916 жылы Сиэтлада Уильям Боинг негізін қалаған. Ол BoeingBusinessJet (BBJ ретінде танымал)  серияларын жасау үшін Boeingөзінің авиалайнерлерінің платформасын пайдаланды. Осындай бірінші ұшақ жекелеген клиенттердің талаптарына келтірілген, салоны толықтай қайта жасалған 737 базасында жасалды. Қазіргі уақытта бұл үкімет пен мемлекеттің аса маңызды адамдары пайдаланатын, жеке клиенттер үшін ең үлкен және ең күтілетін жеке ұшақ.

Бұл ұшатын сарайдың ішкі жабдықталуы корольдік жатын бөлмесінен, екі жуынатын бөлмеден, жұмыс кабинетінен, толық көлемдегі асүйден және тұрғын үй аймағынан тұрады. Ол бортына 30 адамға дейін ала алады (конфигурацияға қарай) және ең алыс магистральды бизнес-джеттермен бәсекелестікте 6000 мильден жоғары қашықтыққа жанармай үстеп құюсыз ақ ұша алады. BBJ  басқа нұсқалары Boeing 777, Boeing 787 и  Boeing 747-8 Intercontinental платформаларында базаланады.

AIRBUS

Airbus 319CJ

Еуропалықаэрокосмостық алпауыт Airbus SAS, өзінің мұхит артындағы бәсекелесі Boeing тәрізді әлемдегі ең үлкен A380 жолаушылар авиалайнерлерімен танымал. Концерннің штаб-пәтері француздық Тулузада, ал, оның ең үлкен зауыты – немістердің Гамбург қаласында.   Airbus  өзінің тарихын еуропалық авиаөндірушілері мен америкалық серіктестердің консорциумы ретінде 1969 жылдан бастайды.

Өзінің америкалық бәсекелесінің айналық кескіні бола отырып, Airbus  өзінің іскер авиацияға жолын жолаушылар авиалайнерін қайта жабдықтаудан бастады. Тіпті мұндай ұшақтардың мақсатты тұтынушысы  да у  Boeing-тағыдай –  мемлекет басшылары мен ірі корпорация басшылары.

Airbus-тың неғұрлым танымал бизнес-джеттерінің модельдері корпоративтік ACJ318, ACJ319, ACJ320 жәнеACJ321. Оларға 15-тен 50-ге дейін жолаушылар сияды және 6,000 теңіздік мильге дейінгі ұшу қашықтығына ие.