Жеке ұшаққа ие болудың бірқатар аспектілері туралы

Поиск и аренда частных самолетов

biz - Жеке ұшаққа ие болудың бірқатар аспектілері туралыКез-келген адам өзіне жеке ұшақ сатып ала алмайды. Олардың қатары жыл сайын өсіп келе жатқанына қарамастан, әлі де болса сән-салтанат пәні болып табылады. Мұндай үрдісті ауқатты адамдар санының тұрақты өсуімен және олардың көпшілігінің жайлылық пен бизнесті жүргізу кезіндегі жылдамдық фактісімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, көп саяхаттайтын адамдар үшін сәйкес түрде пайдаланылатын жеке ұшақтар тұрақты сапарларды пайдаланумен салыстырғанда анағұрлым пайдалы болуы мүмкін. Бүгінгі таңда кім өзіне жеке ұшақ сатып ала алады? Бай көрсеқызар немесе дұрыс ойлайтын бизнесмен бе? Мүмкін, мүлдем басқа адам шығар?

Жеке ұшаққа ие болу, алдымен бедел мәселесі ретінде қарастырылады. Тіпті жеке Цесснаға ие бола отырып, яхта мен спорттық болидтар иелеріне жоғарыдан қарауға болады. Іскер кездесулерге бизнес-джетпен ұшып келетін адамдарды күнде кездестіре бермейтініміз анық емес пе?! Осы жерде мәселенің қаржылық жағын да айта кету керек – ұшақты ұстап тұру үшін әр түрлі мамандық иелерінің үлкен тобы да керек. Оны өте бай адамдардың шағын тобының ғана қалталары көтере алады.

Неліктен ұшақ?

Ұшақ қазіргі уақытта ең жылдам әрі қауіпсіз көлік түрі болып есептеледі. Жыл сайын әлемнің әр түрлі жерлеріне асыққан, өсіп келе жатқан жолаушылар көлемі, терминалдардың кеңейтілген ауданы мен төлқұжаттық бақылау кезіндегі кептелістер көптеген бизнесмендерді жеке ұшақты сатып алуға қаржы салуға ойландырады. Жалпыға қолжетімді авиажелілер тіпті ең бай жолаушының өзінің кездесу кестесіне ыңғайластырылмайды. Сапарлардың қатаң кестесі мен қажетті орындарға ұшулардың шектеулі көлемі бірқатар бизнесмендердің жеке әуе кемесі үшін бірнеше миллиондаған доллар салуына себеп болды. Жеке бизнес-джеттердің иелері мойындағандай, мұндай салымдар жылдам өз-өзін ақтайды.

Бүгінгі таңда жеке ұшақтардың көпшілігі АҚШ төңірегінде ұшады, бірақ, Еуропада да олар көбейіп келеді. Көлемі бойынша өткізу нарығындағы үшінші – Таяу Шығыс. Азия мен Оңтүстік Америка да жылдам қарқынмен дамуда. Бүкіл әлем бойынша шағын, екі-үш орындық ұшақтардың сансыз көлемі, шамамен 15 мыңдай үлкен корпоративтік және жеке, ең беделді және люкстік ұшақтар ұшуда. Жеке ұшақта планета бойынша КристианоРоналдо, Том Круз, Джон Траволта (ол тіпті, ұшақғын өзі басқарады) және басқалары ұшады.Falcon 2000EX EASy PrivateFly AA9710 - Жеке ұшаққа ие болудың бірқатар аспектілері туралы

1970 жылы шығарылған Falcon 10 жеке клиенттерге арналған еуропалық реактивті ұшақтардың жаңа желісінің бірінші экземпляры болды. Жаһандық дағдарыс олардың дамуын сәл кідіртсе де, сол уақыттан бері осы түрдегі әуе кемелерінің саны құлдыраған емес. Көптеген бизнесмендер ұшақтарды ұстап тұру бағасының жоғарылығынан оларды сатты және тұрақты сапарларға ауысты. Соған қарамастан, әуе көлігінің көпшілік емес, жеке түріне ауысатын шағын және орта кәсіпорындар саны артты.

Жеке ұшақта ұшу –уақытты үнемдеудің, бедел мен салыстыруға келмейтін жайлылықтың үйлесімі. Бағыт пен ұшу уақытын жеке қажеттіліктерге сәйкес өткізуге болады, ал, бортта ең сенімді адамдардың болуы – уақытты қызықты өткізу мүмкіндігі. Тіпті, әуе кемесінің интерьерін жеке қалауыңыз бойынша үйлестіруге болады – кеңсе тәрізді, қонақүй номері немесе «үйдегідей». Жеке бизнес-джеттің жолаушысына тиелген тұрақты сапарда үнемі болатын тығыздыққа төзудің қажеті болмайды, ол межелі жерге жылдам жетеді. Авиакомпаниямен ұшуға қарама-қарсы, жеке ұшақ әлемнің кез-келген нүктесінде және кез-келген уақытта қолжетімді. Таң білінер білінбестен аяқ асты Гонконгқа ұшу керек пе? Ол да проблема емес, әрине, иелігіңізде жеке ұшақ болса.

Смотрите также:  В аэропорту Брисбена можно расплатиться криптовалютой

Қараңыз:  Неліктен жеке бизнес жеке ұшаққа зәру?

 

Сатып алу немесе жалға алу?

Біз нақты бір сомаға келген кезде қаласаңыз да, қаламасаңыз да сұрақ туындайды: шынымен де жеке ұшақ керек пе? Бұл да пәтер сияқты – ипотекалық несие алып, кішкентай болса да өз үйіңде тұруыңа болады, ал, сондай-ақ, өмір бойы пәтер жалдап, бір жерге байланбай өмір сүруге де болады. Жеке ұшақпен де осындай жағдай – кей жағдайда сатып алғаннан гөрі, жеке ұшақты жалға алған мақсатты. Сол кезде бірқатар ірі сомалардан, оның ішінде, ангарлық сақтау төлемінен құтылуға болады.

Егер жеке ұшақ жылына кем дегенде 300 сағатын ұшуда өткізсе, сатып алынған ақшаның орны толады деп есептеледі. Тіпті, бұл статистиканы төмендететін, болмаса жоғарылататын сарапшылар да табылуы мүмкін, бірақ, егер біз жылына бірнеше сағат қана әуеде өткізетін болсақ, ұшақты тасымалдаушыдан жалға алған дұрыс. Ең арзан бизнес-джетке (бұрын пайдаланылған) кем дегенже 10 млн. доллар салу керектігін де естен шығармау керек. Ал, BombardierGlobal 5000, әлемдегі ең жылдам және неғұрлым люкстік ұшақ бағасы 35 миллиондоллардан басталады. BombardierGlobalExpress XRS бірнеше миллионға арзан. Оған ангарлық сақтау мен ұшқыштардың қызметінің төлемін (егер әрине, Джон Траволта тәрізді өзіміз басқармасақ) қосыңыз. Оған жіберілетін жыл сайынғы шығындар екі миллион долларға жетуі мүмкін. Айтпақшы, жаңа ұшақ салонға келіп сатып ала салатын автомобиль емес. Bombardier-дің көптеген модельдерін күту уақыты бір жарым жылдан асады.dassault falcon 7x5 - Жеке ұшаққа ие болудың бірқатар аспектілері туралы

Ұшаққа бірге иелік ету жақсы шешім болуы мүмкін. Оның басты ерекшелігі ұшақ құнындағы және оны ұстап тұрудағы үлесті сатып алу болып табылады. Мұндай таңдау кезіндегі ағымдық шығындар бизнес-кластағы сапар ұшақтарымен ұшу шығындарымен ұқсас, бірақ, жоғарыда айтқан артықшылықтарға ие. Жалғыз ғана ерекшелігі бар – ұшақ интерьері барлық меншік иелерінің талғамына келуі керек.

Бірақ, жеке авиацияны пайдаланудың анағұрлым кең тараған формасының бірі – әуе кемесін үшіншы тұлғалардан жалға алу. Осындай формадаға ұшулар саны жыл сайын артуда, бірақ, ол да арзан емес. Оған осындай жағдайларда айырмашылығы үлкен болатын ұшқышты жалдау шығындарын қосыңыз. Мөлшерлеме көптеген факторларға байланысты: ауа-райы жағдайлары, ұшу ұзақтығы, ұшақ көлемі. Чартерлік компанияның әуе кемесімен 1 сағаттық ұшу үшін 5-тен 10 мың долларға дейін төлеу керек. Көптеген жағдайда бұл бизнес-кластағы көпшілік авиакомпанияның тұрақты сапарларынан арзан, әсіресе, бортқа бірнеше адам алсаңыз.

Смотрите также:  Вблизи Лондон-Сити найдена не разорвашаяся бомба. Аэропорт временно закрыт

Қараңыз:  Saudia авиакомпаниясы 9 жыл өткеннен кейін Венаға ұшуларды қайта қалпына келтірді

 

Әр түрлі адамдар, әр түрлі ұшулар

Жеке клиенттер мен әр түрлі компаниялар үшін жаңа және бұрын қолданыста болған ұшақтарды ұсыну айтарлықтай кең тараған. Жеке автомобиль сатып алудағыдай, авиация саласында да әр түрліліктер көп. Оның барлығы клиент өзінің қалауын алуы үшін жасалған. Көп жағдайда олар стандартты емес қалаулар. Нарықта ұсынылатын ұшақтар орын санымен (2, 4 ден 20-ға дейінгі), ұшу қашықтығымен (жергілікті, халықаралық, құрлық аралық ұшулар), сонымен қатар, салон жабдықталуымен. Еуропалық нарықта піспекті және реактивті ұшақтар басым.

Бүкіл әлемде бортына 2-ден 6 адамға дейін алатын бұрандалы ұшақтар танымалдылыққа ие. Мысалы, осындай ұшаққа жеткілікті түрде кең әрі жайлы бола бермейтін, бірақ, жақсы реномеге ие және апатсыздық деңгейі жоғары Cessna 208 Caravan болып табылады. Бұл ұшақта көптеген жүздеген километрлерге ұшуға болады, ал қону мен ұшуы үшін тегіс бетке ұқсас учаске керек, сонымен қатар, ол асфальтталмаса немесе бетондалмаса да болады. сондай-ақ, бұл ұшақ бағасы жоғары жайлылықтағы автомобиль құнынан аспайды.

Әуеде асқан жылдамдықпен қозғалуды қалайтын клиенттер ультра жеңіл ұшақтар арасынан көп жағдайда Piper UI, Amigoнемесе Chico таңдайды. Олар үлкенқашықтықтарды еңсере алады, ал, ұшу-қонуда қарапайым жолақ, болмаса шөпті шабындық та жарайды. Жеке ұшақтардың мүлдем басқа класы – аспан лимузиндері. Осы түрдегі әуе кемелерінің арасында Beechcraft маркасы басым, ұшақтар жылдам әрі тиімді, сонымен қатар, мінсіз жабдықталған. Бұл турбобұрандалы бизнес-класты машиналар үлкен үнемділігімен де сипатталады – небары арзан және күнделікті қолжетімді (әуежайларда) авиациялық керосиннің 300 литрін ғана жағады. Онымен атақтылар мен киножұлдыздар саяхаттайды.

Жеке ұшақтардың ең жоғарғы класын құны бірнеше миллион доллардан басталатын реактивті ұшақтар білдіреді. Олармен ұшу үшін жоғары біліктіліктегі ұшқыш, жақсы ұшу-қону жолағы және сәйкес жабдығы бар аэродром немесе әуежай  керек. Бизнес-джеттердің неғұрлым танымал өндірушілері Bombardier, Cessna, GulfstreamAerospaceжәне HawkerBeechcraft компаниялары.

Әлемдегі ең люксті бизнес-джеттер Global 10 сериясының Bombardier-і. Олардың салондары ағаштың бағалы түрімен, табиғи терімен қапталған, олар мәрмәрдан жасалған фурнитурасы бар бармен жабдықталған, дәретханалары мен жуынатын жерлеріндегі крандар алтынмен апталған. Ал, спутниктік телефон байланысы сияқты ұсақ-түйектер туралы айтпаса да болады, себебі, бизнес-кластың бір де бір ұшағында онсыз мүмкін емес.

Кім де болсын ұша алады

Жеке ұшаққа ие болу – басқа да, оны басқару – мұлдем басқа дүние. Көптеген адамдар қазір өздерінің жеке ұшақтарын басқаруға мүдделі. Көп жағдайда бұл туралы шағын, ультра жеңіл ұшақ иелері көп ойланады (айта кету керек, «ультражеңіл» түсінігіЕуропаның көптеген елдерінде әр түрлі мағынада, ол ұшу салмағы 350 кг-ға дейінгі әуе кемелері, АҚШ-та – 650-ге дейін). Сәйкес бейімділіктерге ие бола отырып, ультралайт ұшқышының лицензиясын көптеген аэроклубтардың бірінен курстан өткеннен кейін алуға болады. Люкстік бизнес-джеттердің иелері, ереже бойынша өз ұшақтарын өздері жүргізуге ниеттенбейді, оның орнына білікті ұшқыштар мен стюардессаларды жалға алады, ал, өздері – ұшу уақытында демалады немесе іспен айналысады. Олар үшін ұшу –міндеттеме емес, ұшудан рахат алу.

Смотрите также:  Beechcraft Beechjet 400A

Қараңыз:  Британдық екі апта бойы “Плуково” әуежайында өмір сүрген

 

Егер кім де кім бизнес-джетті өздігінен басқарғысы келсе, оған ультражеңіл ұшақтарды басқару курсынан бастаған дұрыс болады. Теориялық курс пен практикалық сабақтың құны бірнеше мың доллардан басталады, жалпы алғанда, ұшақтың құны есепке алынады. Мұндай курстарды аяқтағаннан кейін медициналық тексеру мен психологпен әңгіме өткізу керек. Курс оқу уақытында алған ұшу дағдыларын тексеру мен күрделі теориялық емтиханмен аяқталады. Оларды табысты түрде тапсырғаннан кейін сәйкес органдар ультражеңіл ұшақтың ұшқышы біліктілігі куәлігін береді.DASSAULT FALCON 7X 2 - Жеке ұшаққа ие болудың бірқатар аспектілері туралы

Туристік лицензия алу айтарлықтай қиын  – PrivatePilotLicence PPL(A). Біріншіден, бірінші жағдайға қарағанда оқу құны екі есе жоғары. Сәйкес түрдегі әуе кемелерін ұшуды басқаруға қабілеттілігін растайтын қатаң медициналық комиссиядан өту керек. Көруінде күрделі проблемалары бар адамдар мұндай лицензия туралы ұмытса да болады, бірақ, ауқатты адамға лазерлік түзетулердің заманауи әдістері бар, аса проблема тудыра қоймайды.

Медициналық комиссиядан өткеннен кейін 150 сағаттық теориялық курстан өтеді. Практикалық бөлік 45-тен 60 сағатқа дейін және ішінара симулятордағы басқарудан, ішінара шынайы ұшақта жүргізіледі. Бастауыш курсты PPL(A) аяқтағандар метеорология, навигация, авиациялық құқық, радиобайланыс ережелері және ұшақты ұшыру негіздері бойынша теориялық емтиханға жіберіледі. Ұшқыш лицензиясын PPL(A) алу кез келген жеке ұшақты басқару мүмкіндігін береді. Аса жігерлілері кейін CPL(A) кәсіби ұшқыш куәлігін және N-VFR түнгі ұшуларды жасау құқығына куәлік ала алады. Тәжірибеде бұл бірнеше ондаған мың доллар мен курстардағы жүздеген сағаттарды білдіреді, бірақ, көп жағдайда мұндай шығындар өзін айқтайды.

Жеке ұшақтың ұшуын басқарудан алатын қанағаттану сезімін ештемемен салыстыруға келмейді. Себебі, осы сәттегі өзіңіз ұшып бара жатқан аспанның бір бөлшегі – өзіңізге ғана тиесілі.